Көне иненің
тағдыры
Иненің ұшымен
тігілген тағдыр!
Көне иненің тағдыры
Иненің ұшымен тігілген тағдыр!
Жоба туралы
«Көне иненің тағдыры» – бұл жай ғана деректі сериал емес. Бұл құрақ көрпе өнерін жаңғыртуға, дәстүрді болашақ ұрпаққа жеткізуге және шеберлерге жаңа деңгейге шығуға көмектесетін қозғалыс. Бұл жоба арқылы біз: Шеберлердің тарихын көрсетеміз – олардың тағдырлары, қиындықтары мен жетістіктері. Қазақстандағы қолөнердің құндылығын арттырамыз. Астанада жүздеген құрақ бұйымдарынан бірегей экспозиция жасаймыз. Арнайы курс арқылы ұлттық қолөнерді үйретеміз. Егер сіз де қазақ өнерін сақтау мен дәріптеуге үлес қосқыңыз келсе – бізге қосылыңыз!
Жобаның негізін қалаушы – Аселина Батыр
Аселина Батыр
құрақ көрпе шебері, әнші және қазақ қолөнерін дәріптеуге өмірін арнаған жан.
Көшпенділер ойындарының рекордсмені – 450 шеберді біріктіріп, ең үлкен құрақ көрпе жасады. «Жыл әйелі» сыйлығының иегері. Оның бұйымдары Грекия Президентінің, Украина Бірінші Ледиінің және танымал тұлғалардың үйлерін безендіреді. Қазақ қыздарының ішінде бірінші болып құрақ көрпе туралы ән орындаған, осы арқылы оның құндылығын арттырған. Гиннестің рекордтар кітабына енген – ең үлкен құрақ кілем жасағаны үшін.
Құрақ көрпе «Тұмар» – қорғаныш пен береке символы
«Көне иненің тағдыры» – оның өмірлік миссиясы:
сақтау, жеткізу, жаңғырту».
Бұл курста сіз терең мағынасы бар ұлттық бұйым - “Тұмар” құрақ көрпесін тігуді үйренесіз. «Тұмар» өрнегінің мағынасы: Тұмар – қорғаушы, амандықты білдіретін белгі. Қошқар мүйіз – қой мүйізі, күш-қуаттың, ырыс-берекенің символы. Торсық – дәстүрлі теріден жасалған ыдыс, қонақжайлық пен ұлттық мұраны бейнелейді. Қобыз – қазақтың музыкалық аспабы, мәдениет пен руханияттың белгісі. Сынық мүйіз – көне құрақ, ата-бабамыздан мұра болып қалған ең ежелгі өнер түрі. Бұл құрақ біздің байлығымыз мал болғанын және сол дәуірден бері бұл құндылықтың сақталғанын білдіреді. Құстың қанаты – қыран қанаты, еркіндік пен шабыттың символы. Үшбұрышты алма – береке мен молшылықты білдіретін белгі, сондай-ақ үйлесімнің көрінісі.
• Көрпе мен жастықтың тігілу жолын көрсететін видеосабақтар
• Сабақтарға доступ секциясы
• Толықтай “Қыз Жасауы” макеті
• Кері байланысқа арналған телеграм чат
• Жұмыс дәптері
• Кесу файлы
• 3 ай бойы айына 2 рет ZOOM сабақтар: Аселина Батыр және оның командасымен
• Инстаграмды жүргізу мен сатуға арналған сабақтар
• Өзіңіздің жеке шеберлік сабағыңызды жасап шығуға көмек
• Клиенттік базаға қосылу
Бонусы:
• NunoFelting әдісімен шарф сабағы
• Ұлттық стильдегі тері сөмке жасау сабағы
• Сертификат
• Статуэтка
VIP
ХИТ
Бонусы:
• NunoFelting әдісімен шарф сабағы
• Ұлттық стильдегі тері сөмке жасау сабағы
• Сертификат
• Статуэтка
• 3 ай бойы айына 2 рет ZOOM сабақтар: Аселина Батыр және оның командасымен
• Инстаграмды жүргізу мен сатуға арналған сабақтар
• Өзіңіздің жеке шеберлік сабағыңызды жасап шығуға көмек
• Клиенттік базаға қосылу
• Көрпе мен жастықтың тігілу жолын көрсететін видеосабақтар
• Сабақтарға доступ секциясы
• Толықтай “Қыз Жасауы” макеті
• Кері байланысқа арналған телеграм чат
• Жұмыс дәптері
• Кесу файлы
10 500 тг/айына
6 833 тг/айына
Бұл курс – тек құрақ тігуді үйрену емес, ұлттық өнерді меңгеру мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Біз шеберлердің табыс табуына көмектесетін клиенттік жүйе жасадық. Клиенттер кез келген уақытта тапсырыс бере алады – жүйе тәулік бойы жұмыс істейді. Шеберлер тапсырыстар алып, тұрақты клиенттер таба алады – бұл қосымша табыс көзі. Курс тек білім беріп қана қоймай, шеберлерге өз өнерін табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік береді.
Жобаның финалдық шарасы –Астанадағы үлкен көрме

6 шілде 2025 жыл, Астана Финалдық форум және үлкен экспозиция
Бұл шарада 300-ден астам шебер өз жұмыстарын көрсетеді, ал олардың біріктірген үлкен құрақ кілемі қазақ қолөнерінің сақталуын бейнелейтін басты экспонат болады.
Сіз де осы тарихи оқиғаның бір бөлігі болғыңыз келе ме?
Онда бізге қосылыңыз! Курсқа жазылып, ұлттық өнерді бірге сақтайық!
Неге осы курсқа қатысу керек?
Дәстүрлер
Қазақтың дәстүрлі қолөнерін меңгересіз.
Эксклюзивті әдістер
Эксклюзивті техникалар мен мастер-класстар аласыз.
Үлкен жобаға қатысу
Ұлттық мәдениетті сақтау бойынша үлкен жобаның бір бөлігі боласыз.
Жаңа табыс мүмкіндіктері
Шеберлік арқылы табыс табудың жаңа мүмкіндіктерін ашасыз.
Астанадағы көрмеге қатысу
Астанадағы финалдық көрмеге қатысуға мүмкіндік аласыз.
Бұл жай ғана курс емес. Бұл – қазақ мәдениетіне қосқан үлесіңіз!